Астана: Фолиант, 2014. — 320 б.
Бұл басылым қазақ мәдениетінің көрнекті қайраткері, республикамыздың ұлттық сахна және кино декорациясы өнерінің негізін салушысы Құлахмет Қожықовтың өмірі мен шығармашылығына арналған. Кітап-альбомның жарыққа шығуы қайраткердің туғанына 100 жыл толуына орайластырылып отыр. Кітапта суретшінің театрдағы және кинодағы жұмыстары мен Ұлы Отан соғысы жылдарында Орталық Біріккен киностудияда С. Эйзенштейнмен және басқа да кеңес киносының майталмандарымен кездесуі, олармен бірлесіп еңбек еткендері және «Қазақфильмдегі» одан кейінгі жұмысы жайлы баяндайтын естеліктері пайдаланылған. Альбомда декорациялық театр және кино эскиздері, тұғырлы кескіндемелік және графикалық туындылары, спектакльдер мен кинофильмдерге арналған костюмдер және отбасылық мұрағаттан
алынған фотосуреттер бірінші рет жарыққа шығып отыр.
Кітап суретшілерге, театртанушыларға, кинотанушылар мен өнертанушыларға, өнерсүйер қауымға және Қазақстан өнері мен мәдениетіне ықыласты барлық оқырман қауымға арналған.