Алматы: Өнер, 2003. — 293 б.
Дариға Төлебаева, композитордың жары: - Мұқанның журегінен түлеп ұшқан әндері болсын, опералары болсын барлығына мен куә болдым. Оның ән жазудағы ерекшелігін сөзбен жеткізу қиын. Ол кешке қаланың көшелерімен журіп, серуендеуді ұнататын. Сол кезде мен қасында келе жатамын... Мұқан Төлебаев қысқа ғана ғұмырында жүзден астам музыкалық шығарманы жарыққа шығарған. Оның ішінде опералық, контаталық-ораториялық және ән-романстық шығармалары айрықша құрметке ие. Ал, жуырда ғана елордада шымылдығын түрген Астана опера театры Мұқан Төлебаевтың "Біржан-Сара" операсымен ашылды.