Алматы: Жалын, 1985. — 300 б.
Қазақ боксының қара нары – Әбдісалан Нұрмаханов болса, атасы – Шоқыр Бөлтекұлы. Әлемді мойындатқан Әбдісалан Шоқыр негізін қалаған мектептің түлегі, ізбасары еді. КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері (1966), Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Қазақстанның 10 дүркін чемпионы (1957 – 1967), КСРО чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері (1957, 1962 ж.ж.), КСРО халықтары спартакиадасының екі мәрте қола жүлдегері (1959, 1967), Азия-Африка ойындарының жеңімпазы (1963) болды. Осыншама жетістікке жетіп, қазақ елін танытқан тұлға кісі қолынан қаза табады деп кім ойлаған?!..
2002 жылдың 14 маусымында Алматыда даңқты боксшы, білікті бапкер мәңгілік сапарға аттанды. Қандықол қарақшы Әбдісалан Нұрмахановқа ту сыртынан оқ жаудырған.