Алматы: Қазақ университеті, 2014. — 210 б.
Оқу құралы Teaching competency and infrastructure for e-Learning and retraining (CANDI), 158918-TEMPUS-1-2009-AT-JPCR атты TEMPUS еуропалық грант бағдарламасы аясында құрастырылған. Осы грант бойынша жұмысқа Вена университетінің және Вена техникалық университетінің (Австрия), Ұлыбритания ашық университетінің (Ұлыбритания), Мюнхен техникалық университетінің (Германия), әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің және А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің (Қазақстан), М. Ұлықбек атындағы Өзбекстан ұлттық университетінің, Ташкент химия-технологиялық институтының және Үргеніш мемлекеттік университетінің (Өзбекстан) мамандары жұмылдырылған.
Оқу құралының материалдары 5В060200 – «Информатика» мамандығының ҚР МЖМБС-на және аталған грант бойынша құрастырылған оқу бағдарламасына сәйкес жасалынған.
Оқу құралы жоғары оқу орындары математикалық мамандықтарының оқытушылары мен студенттеріне арналған.