Алматы: Қайнар, 1968. — 120 б.
Зейнет жасынан асқаннан кейін, күш-қайраты қайта тасыған, сөйтіп 1966 жылы 70 жасқа қараған шағында Социалистік Еңбек Ері атағын иеленген Өтеміс Қалниязовтың есімі аға буын өкілдеріне жақсы таныс. Ерен еңбек иесі өз заманында жыл сайын әр 100 биеден 100 құлыннан алып өсірген. Өтекеңнің мемлекетке өткізген жас құнандарының әрқайсысының салмағы 345 килограмнан айналған. Сондай-ақ ол бәйгеге қосатын сәйгүлік баптап өсірудің де майталманы еді. Ө.Қалниязов 1981 жылы 84 жасында дүниеден өтті. Бүгінгі егемен елімізде де жылқы өсірумен айналысуға ниет білдірушілер аз емес. Әрине, бұл қуанарлық іс. Осы орайда хат жолдаудағы басты мақсатым – еліміз рухани жаңғыру аясында жаңа тарихи кезеңге аяқ басқан тұста еңбегімен ер атанған, өмірінің соңына дейін құрығы қолынан түспеген Өтеміс Қалниязовтай тарландарымыздың есімдерін ұлықтай білгеніміз жөн деп санаймын. Бұл үшін аудан орталығы Шұбарқұдықтағы бір көшеге оның есімі берілсе – бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге болмақ. Сондай-ақ мұндай игілікті де, ізгі істер жастар арасындағы еңбек тәрбиесіне де өз ықпалын тигізе алатыны анық.